Документы студии
Договор оказания услуг
Ознакомьтесь с условиями занятий в Lumina Dance Academy. Договор составлен на русском и казахском языках.
Скачать договор · DOCX ↓Оригинал документа с полями для заполнения и подписями.
ДОГОВОР ОКАЗАНИЯ УСЛУГ № ___
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ШАРТЫ № ___
г. Алматы «___» __________ 20__ г.
Алматы қ. «___» __________ 20__ ж.
Индивидуальный предприниматель «ЫСМАҒҰЛ АЙСАРА ТЛЕГЕНҚЫЗЫ» (студия «Lumina Dance Academy»), ИИН 990723450098 (далее - «Студия»), и физическое лицо, указанное в разделе 11, действующее от своего имени либо как родитель (законный представитель) несовершеннолетнего Ученика (далее - «Клиент»), заключили настоящий Договор о нижеследующем:
«ЫСМАҒҰЛ АЙСАРА ТЛЕГЕНҚЫЗЫ» жеке кәсіпкері («Lumina Dance Academy» студиясы), ЖСН 990723450098 (бұдан әрі - «Студия»), және өз атынан не кәмелетке толмаған Оқушының ата-анасы (заңды өкілі) ретінде әрекет ететін, 11-бөлімде көрсетілген жеке тұлға (бұдан әрі - «Клиент») төмендегілер туралы осы Шартты жасасты:
1. ПРЕДМЕТ ДОГОВОРА
1. ШАРТТЫҢ МӘНІ
1.1. Студия проводит групповые танцевальные занятия (далее - занятия) по своему расписанию для Клиента либо несовершеннолетнего Ученика (далее вместе - «Занимающийся»), а Клиент оплачивает их.
1.1. Студия өз кестесі бойынша Клиентке не кәмелетке толмаған Оқушыға (бұдан әрі бірге - «Шұғылданушы») топтық би сабақтарын (бұдан әрі - сабақтар) өткізеді, ал Клиент оларға ақы төлейді.
1.2. Договор подписывается один раз и действует до расторжения. Последующие абонементы приобретаются оплатой по прейскуранту, действующему на дату оплаты, без переподписания Договора.
1.2. Шартқа бір рет қол қойылады және ол бұзылғанға дейін әрекет етеді. Кейінгі абонементтер Шартқа қайта қол қоймай, төлем күніне қолданыстағы прейскурант бойынша ақы төлеу арқылы сатып алынады.
2. АБОНЕМЕНТ И ОПЛАТА
2. АБОНЕМЕНТ ЖӘНЕ ТӨЛЕМ
2.1. Условия первого абонемента указаны в разделе 11, последующих - в прейскуранте Студии. Оплата - 100% до первого занятия. Изменение прейскуранта не распространяется на оплаченный абонемент.
2.1. Бірінші абонементтің шарттары 11-бөлімде, кейінгілерінікі - Студия прейскурантында көрсетіледі. Төлем - бірінші сабаққа дейін 100%. Прейскуранттың өзгеруі төленген абонементке қолданылмайды.
2.2. Абонемент действует 30 календарных дней с даты начала, указанной в разделе 11, а при её отсутствии - с даты оплаты. Занятия, не использованные в этот срок по причинам, не зависящим от Студии, аннулируются и не переносятся.
2.2. Абонемент 11-бөлімде көрсетілген басталу күнінен, ал ол болмаса - төлем күнінен бастап 30 күнтізбелік күн әрекет етеді. Осы мерзімде Студияға байланысты емес себептермен пайдаланылмаған сабақтар жойылады және ауыстырылмайды.
2.3. Абонемент персонален и не передаётся другому лицу без согласия Студии. Гостевой визит - разовое бесплатное посещение занятия приглашённым Клиентом лицом в срок абонемента при наличии мест; он не обменивается на деньги и не переносится.
2.3. Абонемент дербес және Студияның келісімінсіз басқа тұлғаға берілмейді. Қонақ сапары - абонемент мерзімінде бос орын болған кезде Клиент шақырған тұлғаның сабаққа бір рет тегін қатысуы; ол ақшаға айырбасталмайды және ауыстырылмайды.
3. ПОСЕЩЕНИЕ И ПЕРЕНОС ЗАНЯТИЙ
3. САБАҚҚА ҚАТЫСУ ЖӘНЕ АУЫСТЫРУ
3.1. Перенос («заморозка») - отмена участия в конкретном занятии сообщением в WhatsApp Студии не позднее чем за 3 часа до его начала. Такое занятие не списывается и может быть посещено в другое время в срок абонемента. Количество переносов - по тарифу.
3.1. Ауыстыру («мұздату») - нақты сабаққа қатысудан оның басталуына кемінде 3 сағат қалғанда Студияның WhatsApp нөміріне хабарлама жіберу арқылы бас тарту. Мұндай сабақ есептен шығарылмайды және оған абонемент мерзімінде басқа уақытта қатысуға болады. Ауыстырулар саны - тариф бойынша.
3.2. При неявке, более позднем уведомлении или исчерпании переносов занятие списывается. Пропуски (в том числе по болезни) и опоздания не продлевают абонемент и занятие и не влекут перерасчёта. Учёт посещений ведёт Студия.
3.2. Келмеген, кеш хабарлаған немесе ауыстырулар таусылған кезде сабақ есептен шығарылады. Сабақты жіберіп алу (оның ішінде ауруға байланысты) және кешігу абонементті және сабақты ұзартпайды және қайта есептеуге әкелмейді. Қатысуды Студия есепке алады.
4. ИЗМЕНЕНИЕ РАСПИСАНИЯ
4. КЕСТЕНІ ӨЗГЕРТУ
4.1. Студия вправе изменять расписание и зал, заменять тренера, объединять группы, переносить и отменять занятия, уведомив Клиента. Отменённое Студией занятие не списывается: оно переносится, а при невозможности абонемент продлевается.
4.1. Студия Клиентті хабардар етіп, кестені және залды өзгертуге, жаттықтырушыны ауыстыруға, топтарды біріктіруге, сабақтарды ауыстыруға және болдырмауға құқылы. Студия болдырмаған сабақ есептен шығарылмайды: ол ауыстырылады, ал мүмкін болмаса абонемент ұзартылады.
4.2. При невозможности проведения занятий по независящим от Студии обстоятельствам (авария, отключение коммунальных услуг, решения госорганов, ЧС) абонемент продлевается на этот период. При закрытии группы без согласия Клиента на другую группу либо при такой невозможности свыше 30 дней стоимость неиспользованных занятий возвращается пропорционально.
4.2. Студияға байланысты емес мән-жайлар (авария, коммуналдық қызметтердің ажыратылуы, мемлекеттік органдардың шешімдері, ТЖ) бойынша сабақ өткізу мүмкін болмағанда абонемент осы кезеңге ұзартылады. Клиент басқа топқа келіспей топ жабылғанда не мұндай жағдай 30 күннен асқанда пайдаланылмаған сабақтардың құны пропорционалды қайтарылады.
5. ОТКАЗ ОТ ДОГОВОРА И ВОЗВРАТ
5. ШАРТТАН БАС ТАРТУ ЖӘНЕ ҚАЙТАРУ
5.1. Клиент вправе в любое время отказаться от Договора письменным заявлением (в том числе фото подписанного заявления в WhatsApp) с указанием реквизитов для возврата.
5.1. Клиент кез келген уақытта қайтару деректемелері көрсетілген жазбаша өтінішпен (оның ішінде қол қойылған өтініштің WhatsApp-қа жіберілген фотосымен) Шарттан бас тартуға құқылы.
5.2. Абонемент предоставляется со скидкой относительно разовых занятий. При досрочном отказе: сумма к возврату = стоимость абонемента - (списанные занятия x стоимость разового занятия на дату оплаты) - комиссии банков за платёж и возврат. Если сумма равна нулю или меньше, возврат не производится, доплата не взимается. Гостевой визит и переносы не компенсируются.
5.2. Абонемент бір реттік сабақтарға қатысты жеңілдікпен беріледі. Мерзімінен бұрын бас тартқанда: қайтарылатын сома = абонемент құны - (есептен шығарылған сабақтар x төлем күнгі бір реттік сабақ құны) - төлем мен қайтару үшін банк комиссиялары. Егер сома нөлге тең немесе одан аз болса, ақша қайтарылмайды, қосымша төлем алынбайды. Қонақ сапары мен ауыстырулар өтелмейді.
5.3. Возврат производится в течение 10 календарных дней с даты получения заявления тем же способом, которым производилась оплата, лицу, оплатившему абонемент.
5.3. Ақша өтініш алынған күннен бастап 10 күнтізбелік күн ішінде төлем жасалған тәсілмен абонементке ақы төлеген тұлғаға қайтарылады.
6. ПРАВА И ОБЯЗАННОСТИ
6. ҚҰҚЫҚТАР МЕН МІНДЕТТЕР
6.1. Занимающийся обязан соблюдать Правила посещения Студии, инструкции тренера и технику безопасности, уважительно относиться к окружающим, бережно относиться к имуществу Студии, не посещать занятия в состоянии опьянения и не создавать угрозу другим лицам. Ущерб имуществу Студии возмещается в порядке, установленном законом.
6.1. Шұғылданушы Студияға келу қағидаларын, жаттықтырушының нұсқауларын және қауіпсіздік техникасын сақтауға, айналасындағыларға құрметпен, Студия мүлкіне ұқыпты қарауға, сабаққа мас күйінде келмеуге және басқаларға қатер төндірмеуге міндетті. Студия мүлкіне келтірілген залал заңда белгіленген тәртіппен өтеледі.
6.2. Студия вправе не допустить нарушителя к занятию (занятие списывается), а при грубом или повторном после предупреждения нарушении - отказаться от Договора с возвратом по п. 5.2.
6.2. Студия бұзушыны сабаққа жібермеуге (сабақ есептен шығарылады), ал өрескел немесе ескертуден кейін қайталап бұзғанда - 5.2-тармақ бойынша қайтарумен Шарттан бас тартуға құқылы.
6.3. Правила посещения размещаются в Студии; их изменения не ухудшают условия оплаченного абонемента, к которому применяется редакция на дату оплаты.
6.3. Келу қағидалары Студияда орналастырылады; олардың өзгерістері төленген абонемент талаптарын нашарлатпайды, оған төлем күнгі редакция қолданылады.
7. ЗДОРОВЬЕ И ОТВЕТСТВЕННОСТЬ
7. ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
7.1. Клиент подтверждает отсутствие у Занимающегося известных ему противопоказаний к занятиям танцами и обязуется заранее сообщать тренеру об ограничениях по здоровью.
7.1. Клиент Шұғылданушыда би сабақтарына өзіне белгілі қарсы көрсетілімдердің жоқ екенін растайды және денсаулық бойынша шектеулер туралы жаттықтырушыға алдын ала хабарлауға міндеттенеді.
7.2. Студия отвечает за вред, причинённый по её вине, и не отвечает за вред, возникший из-за несоблюдения инструкций тренера, сокрытия сведений о здоровье или собственных действий Занимающегося. При травме Студия оказывает первую помощь и уведомляет Клиента.
7.2. Студия өз кінәсінен келтірілген зиян үшін жауап береді және жаттықтырушы нұсқауларын сақтамау, денсаулық туралы мәліметтерді жасыру немесе Шұғылданушының өз әрекеттері салдарынан туындаған зиян үшін жауап бермейді. Жарақат кезінде Студия алғашқы көмек көрсетеді және Клиентті хабардар етеді.
7.3. Вещи, не переданные сотруднику Студии на хранение, на хранение не принимаются; за их утрату Студия отвечает только при наличии своей вины.
7.3. Студия қызметкеріне берілмеген заттар сақтауға қабылданбайды; оларды жоғалтқаны үшін Студия тек өз кінәсі болғанда жауап береді.
8. НЕСОВЕРШЕННОЛЕТНИЕ
8. КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР
8.1. За несовершеннолетнего Ученика Договор заключает его законный представитель, который подтверждает свои полномочия и сообщает сведения о здоровье Ученика.
8.1. Кәмелетке толмаған Оқушы үшін Шартты оның заңды өкілі жасасады, ол өз өкілеттігін растайды және Оқушының денсаулығы туралы мәліметтерді хабарлайды.
8.2. Студия отвечает за Ученика с его прихода в зал к тренеру до окончания занятия; до и после занятия - Клиент. Клиент забирает Ученика не позднее 15 минут после занятия. Самостоятельный уход или передача иному лицу - только с согласия Клиента в разделе 11 или в WhatsApp. Если Ученика не забрали, Студия связывается с Клиентом и присматривает за Учеником, а при недоступности Клиента более 1 часа вправе сообщить в полицию.
8.2. Студия Оқушы үшін оның залға жаттықтырушыға келген сәтінен сабақ аяқталғанға дейін, ал сабаққа дейін және кейін - Клиент жауап береді. Клиент Оқушыны сабақтан кейін 15 минуттан кешіктірмей алып кетеді. Өз бетінше кетуге немесе өзге тұлғаға беруге - тек 11-бөлімдегі не WhatsApp арқылы Клиенттің келісімімен. Оқушыны алып кетпесе, Студия Клиентпен байланысып, Оқушыны қадағалайды, ал Клиентпен 1 сағаттан астам байланыс болмаса полицияға хабарлауға құқылы.
9. УВЕДОМЛЕНИЯ И ПЕРСОНАЛЬНЫЕ ДАННЫЕ
9. ХАБАРЛАМАЛАР ЖӘНЕ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕР
9.1. Уведомления об изменении расписания, переносе занятий, прейскуранта и Правил, а также организационные сообщения направляются на номер Клиента (WhatsApp, SMS) и считаются полученными в день отправки. Рекламные рассылки - только с отдельного согласия в разделе 11.
9.1. Кестенің, сабақтардың, прейскуранттың және Қағидалардың өзгергені туралы хабарламалар мен ұйымдастырушылық хабарламалар Клиенттің нөміріне (WhatsApp, SMS) жіберіледі және жіберілген күні алынды деп есептеледі. Жарнамалық таратылымдар - тек 11-бөлімдегі жеке келісіммен.
9.2. Клиент даёт Студии (оператору) согласие на обработку своих данных и данных Ученика (ФИО, дата рождения, телефон, сведения о здоровье, оплатах и посещениях) для исполнения Договора по Закону РК «О персональных данных и их защите». Данные хранятся в период действия Договора и 3 года после, передаются лишь банкам, бухгалтерским и IT-сервисам (включая мессенджеры) и госорганам по закону. Согласие отзывается письменно.
9.2. Клиент Студияға (операторға) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» ҚР Заңы бойынша Шартты орындау үшін өзінің және Оқушының деректерін (аты-жөні, туған күні, телефоны, денсаулығы, төлемдері мен қатысуы) өңдеуге келісім береді. Деректер Шарт кезеңінде және одан кейін 3 жыл сақталады, тек банктерге, бухгалтерлік және IT-сервистерге (мессенджерлерді қоса) және заң бойынша мемлекеттік органдарға беріледі. Келісім жазбаша кері қайтарылады.
9.3. Фото и видео с занятий с изображением Занимающегося размещаются в соцсетях и рекламе Студии только при согласии в разделе 11. При его отзыве Студия удаляет материалы со своих ресурсов в течение 10 рабочих дней.
9.3. Шұғылданушының бейнесі бар сабақтардағы фото мен бейне Студияның әлеуметтік желілері мен жарнамасында тек 11-бөлімдегі келісім болғанда орналастырылады. Ол кері қайтарылса, Студия материалдарды өз ресурстарынан 10 жұмыс күні ішінде жояды.
10. ЗАКЛЮЧИТЕЛЬНЫЕ ПОЛОЖЕНИЯ
10. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
10.1. Споры разрешаются переговорами, а при недостижении согласия - в суде по законодательству Республики Казахстан. Договор составлен в двух экземплярах на казахском и русском языках, имеющих равную силу. Клиент подтверждает получение экземпляра и ознакомление с прейскурантом и Правилами.
10.1. Даулар келіссөздер арқылы, ал келісім болмаса - Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша сотта шешіледі. Шарт қазақ және орыс тілдерінде бірдей күші бар екі данада жасалды. Клиент дананы алғанын, прейскурантпен және Қағидалармен танысқанын растайды.
11. РЕКВИЗИТЫ И ПОДПИСИ СТОРОН
11. ТАРАПТАРДЫҢ ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ МЕН ҚОЛДАРЫ
Студия:
ИП «ЫСМАҒҰЛ АЙСАРА ТЛЕГЕНҚЫЗЫ»
ИИН: 990723450098
Адрес: г. Алматы, пр. Абая, д. 164, кв/офис 33
Банк: АО «Kaspi Bank»
КБе: 19
БИК: CASPKZKA
ИИК: KZ65722S000041661433
Тел./WhatsApp: ____________
____________ /Ысмағұл А.Т./
Студия:
«ЫСМАҒҰЛ АЙСАРА ТЛЕГЕНҚЫЗЫ» ЖК
ЖСН: 990723450098
Мекенжайы: Алматы қ., Абай д-лы, 164-үй, 33-кеңсе
Банк: «Kaspi Bank» АҚ
КБе: 19
БСК: CASPKZKA
ЖСК: KZ65722S000041661433
Тел./WhatsApp: ____________
____________ /Ысмағұл А.Т./
Клиент
ФИО / Аты-жөні
________________
ИИН / ЖСН
________________
Телефон / Телефон
________________
Адрес / Мекенжайы
________________
Ученик (ФИО) / Оқушы
________________
Дата рожд. / Туған күні
________________
Направление / Бағыт
________________
Кто забирает Ученика / Алып кетеді
________________
Абонемент
________________
Занятий / Сабақ саны
________________
Стоимость / Құны, тг
________________
Начало / Басталуы
________________
Группа / Топ
________________
Разовое / Бір реттік, тг
________________
Переносы / Ауыстыру
________________
Гости / Қонақтар
________________
Самостоятельный уход Ученика / Оқушының өз бетінше кетуі: [ ] да / иә [ ] нет / жоқ
Фото- и видеосъёмка (п. 9.3) / Фото- және бейнетүсірілім (9.3-т.): [ ] да / иә [ ] нет / жоқ
Рекламные рассылки (п. 9.1) / Жарнамалық таратылымдар (9.1-т.): [ ] да / иә [ ] нет / жоқ
Подпись Клиента / Клиенттің қолы: ____________ /____________/